Мосулдың батысында ұжымдық екі көр анықталды
Ирак күштері бұл елдің солтүстігіндегі Мосул қаласының батысында адамдар жаппай көмілген екі орынды анықтады.
ИРНА-ның Ирактың Alsumaria ақпарат базасына сілтеме жасап хабарлауынша, Ирактың әл-Хашд әш-Шааби күштері Талль-Афар айналасындағы ауылдардың бірінен адамдарды жаппай көмген екі орын және ДАИШ лаңкестері өлтірген ондаған адамның мәйітін анықтаған.
Пишмарге күштері де жексенбі күні Ирактың солтүстік-батысындағы Шабабият аймағынан аз санды езидшілердің мәйітін тапқан болатын.
ДАИШ лаңкестері әскери емес қарапайым халықтың арасында үрей тудырып, қорқыту үшін және ирактық күштерге қосылуының алдын алу үшін өлім жазасын іске асырған болатын.
Нейнава облысы кеңесінің мүшесі Хисам әл-Абари сейсенбі күні: «Ирак әскері мен ДАИШ қақтығыстары кезінде су тасымалдайтын негізгі құбырға зиян келтіріліп, Мосул қаласының шамамен 650 мың тұрғыны сусыз қалды»,- деді. Ол Мосул қаласына су жеткізетін құбырды жөндеу мүмкіндігінің болмауына байланысты адами апаттың орын алуы туралы ескертті.