Иран Сауд Арабиясының уәждерін теріске шығарды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i19306
ИИР Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз хатшысы саудиялық соттың Иранға қарасты бір тыңшыны соттағаны туралы жарияланған уәждерге реакция білдіріп, мұндай айыптауларды негізсіз және саяси мақсатпен жасалуда деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 07, 2016 15:24 Asia/Almaty
  • Иран Сауд Арабиясының уәждерін теріске шығарды

ИИР Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз хатшысы саудиялық соттың Иранға қарасты бір тыңшыны соттағаны туралы жарияланған уәждерге реакция білдіріп, мұндай айыптауларды негізсіз және саяси мақсатпен жасалуда деді.

Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Бахрам Ғасеми сейсенбі күні: «ИИР халықаралық заңдарға және Сауд Арабиясының дипломатиялық  негіздеріне қайшы ешбір әрекет жасаған жоқ, Сондықтан олардың айыптаулары негізсіз. Ислам әлемі мен аймақ бірлікті қажет етіп, қайшылық тудыратын мәселелерден алыстауға міндетті жағдайда негізсіз, шындыққа сай емес уәждерді тарату аймақтың ешбір елінің мүддесіне пайда әкелмейді.  Сауд Арабиясы саяси пайда көру және аймақтағы қайшылықтарды арттыру мақсатында ИИР-на негізсіз уәждер айтпағаны жөн»,- деп мәлімдеді.

Иран Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз хатшысы хабарда айтылған ирандық адамның жеке басын анықтау және тағылған айыптарға қатысты айтқан сөзінде: «Сауд Арабиясы осы уақытқа дейін бұл адам туралы ешбір мәлімет ұсынған жоқ»,- деді.

Бұл адамдардың көбі Сауд Арабиясының  саясаттарын сынағаны немесе қарсылық білдіргендері үшін Иран үшін тыңшылық жасады деп айыпталған арабстандық танымал шиіттер болып табылады.