Мыңдаған қарулы кісі Сириядағы ұлттық ымыра жобасына қосылды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i19357-Мыңдаған_қарулы_кісі_Сириядағы_ұлттық_ымыра_жобасына_қосылды
Сириядағы ұлттық ымыраны қадағалау орталығы үш мыңнан астам қарулы адамның осы елдегі ұлттық ымыра жобасына қосылғанын хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 07, 2016 21:27 Asia/Almaty
  • Мыңдаған қарулы кісі Сириядағы ұлттық ымыра жобасына қосылды

Сириядағы ұлттық ымыраны қадағалау орталығы үш мыңнан астам қарулы адамның осы елдегі ұлттық ымыра жобасына қосылғанын хабарлады.

ИРНА- ның хабарлауынша, Сириядағы ұлттық ымыраны қадағалау жөніндегі ресейлік орталықтың ақпарат хатшысы Алексей Лещенко бүгін сәрсенбі күні қарулы кісілердің Сириядағы ұлттық ымыра жобасына қосылуы үшін келіссөздердің жалғасатынын қуаттап: «Өткен тәулікте Сирия астанасы Дамасктің төңірегінде үш мыңнан астам қарулы кісі қаруларын тапсырып, өз еріктерімен ұлттық ымыра жобасына қосылды. Осы күштер өз отбасыларымен бірге Дамаск маңындағы "Хан әш- Шейх" қаласында қауіпсіз жол арқылы Идлиб облысына көшірілуі тиіс» деді.

Сондай- ақ БҰҰ- ның ақпарат хатшысы Стэфан Дочарик қыркүйек айында гуманитарлық көмектерді тиеген керуендерге жасалған шабуылға сілтеме жасап: «Сирия үкіметі тергеу комитеті мүшелерінің әл-Кобра аймағында гуманитарлық көмектерді тиеген керуендерге жасалған шабуылды қарастырып, жергілікті басшылармен кездесу үшін Дамаск пен Халеб қалаларына кіруіне келісім берді» деді. 

БҰҰ мен Сирияның Қызыл Жарты Ай Қоғамының ортақ гуманитарлық көмектері керуеніне осы елдің солтүстігіндегі Халебтің батысында 2016 жылы 19 қыркүйекте жасалған шабуылда кем дегенде 18 адам, соның ішінде Сирия Қызыл Жарты Ай Қоғамының бір басшысы қаза болды.