Асад: Дұшпандардың Сирияның қоғамдық құрылымын бұзу мақсатындағы жоспары сәтсіздікке ұшырады
(last modified Sun, 11 Dec 2016 08:49:24 GMT )
Жел 11, 2016 14:49 Asia/Almaty
  • Асад: Дұшпандардың Сирияның қоғамдық құрылымын бұзу мақсатындағы жоспары сәтсіздікке ұшырады

Сирия президенті дұшпандардың бұл елдің қоғамдық құрылымын нысанаға алуға күш салатындықтарын, алайда олардың мақсатқа жетуде сәтсіздікке ұшырайтындықтарын айтты.

«Мехр» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сирия президенті Башар Асад сенбі күні Дамаскте  Араб қорғаушылары одағының отырысына қатысушыларымен кездесуінде: "Сирия халқының шайқасы – ұлттық шайқас.  Себебі бұл елдің дұшпандары өз мақсаттарына жету жолында сәтсіздікке ұшырады, ал Сирия халқы өз бірлігі мен қоғамдық біртұтастығын сақтап, бұрынғыға қарағанда ұйымшыл болып әрекет етті. Бұл Сирияның мықты тұсы" деп қуаттады.

Башар Асад халықты аймақта орын алып жатқан оқиғалардан хабардар етудегі одақтар мен бірлестіктердің рөліне сілтеме жасап, аталмыш мекемелердің басқа елдерге қарап отырмай, халықты хабарландыру мен араб қоғамын нысанаға алған батыстың жоспарларымен күресуде негізгі әрі маңызды рөл атқарып, халықты ақиқаттармен құлақтандыратынын айтты.

Бұл кездесуде Араб қорғаушыларының одағы аймақтың қазір бастан өткеріп жатқан кеңзеңінің араб қоғамын нысанаға алған тәкфірлік ой-пікірмен күрес кезеңі екендігін, сондықтан араб әлемінің сепаратистік  жоспарларымен тайпалық және этникалық негізде күресу керек екенін мәлімдеді.