АҚШ-ның қолдауымен Пальмира қайтадан басып алынды
Сирия Президенті Башар Асад 14-ші желтоқсанда Ресей Теледидарының екінші арнасына берген сұхбатында Сирияның батысында орналасқан Хомс облысының Пальмира қаласына лаңкестердің шабуылының АҚШ-тың қолдауымен жасалғанын қуаттады.
АҚШ – Сирия дағдарысының саяси және майдан сахналарындағы негізгі ойыншылардың бірі. Бұл салада теріске шығаруға келмейтін айғақтар бар. Сирия дағдарысы саяси тұрғыдан АҚШ үшін маңызды мәселе. Осы мәселеге байланысты АҚШ Алеппоның азат етілуін Сирия дағдарысындағы өзінің ең маңызды сәтсіздігі деп санайды. АҚШ сәтсіздігінің жалғасуының алдын алуға немесе оны жасыру үшін екі стратегияны қолданбақ. АҚШ пен одақтастары Сирия дағдарысында сәтсіздікпен бетпе-бет келген сайын халықаралық органдарды, соның ішінде Қауіпсіздік кеңесін пайдаланып, төтенше отырыс өткізіп, бұл елдегі гуманитарлық дағдарысқа алаңдаушылық білдіреді. АҚШ осылай Сириядағы лаңкестерге күш жинауға мүмкіндік беретін. Соңғы күндерде Қауіпсіздік кеңесінде Сирияға қарсы қарар шығару талпыныстары нәтижеге жетпеді. Алеппо лаңкестерден азат етілгеннен бір күннен кейін 14-ші желтоқсанда Қауіпсіздік кеңесі отырыс өткізді. Сол отырыста БҰҰ-ның Бас хатшысы: «БҰҰ Алепподаға әскери емес бейбіт азаматтардың көрген азап-қорлықтары туралы жан түршіктірерлік мәліметтерге ие. Сондықтан барлық тараптар Алепподағы қантөгісті тоқтату үшін бүкіл күштерін салулары керек»,- деді.
БҰҰ мен Батыс мемлекеттерінің мұндай тәсілі Башар Асадтың сынымен кезікті. Сирия Президенті Башар Асад Russia al-Youm телеарнасына берген сұхбатында оларды сынға алды. Башар Асад Батыс басшылары мен ақпарат құралдарының ДАИШ-тың Пальмира қаласына жасаған шабуылына үнсіздік танытуын сынауымен бірге: «Егер бұл қала сириялық күштердің бақылауына алынса, батыстықтар бұл қаланың тарихи мұралары мен әскери емеc бейбіт тұрғындарына қатысты алаңдай бастайды, бірақ қазір бұл қалада лаңкестер орналасқан кезде батыстықтар тарапынан ешқандай реакция байқалмайды»,- деді.
Сирия дағдарысындағы сәтсіздіктерінің арту ықтималына қатысты АҚШ-тың келесі стратегиясы Сирияға басқа аймақтарда ауыр соққы беру болып табылады. Мәселен, өткен жазда Сирия армиясы өз одақтастарының көмегімен Алепподағы лаңкестерді қоршауға алу үшін Кастило жолын жапқан кезде, АҚШ-ның әскери ұшақтары Джабал әл-Сарде мен Дейр эз-Зорда Сирия армиясының позицияларына қарай шабуыл жасады. Соның салдарынан Cирия армиясының 85 әскериі қырылды. Осы күндері Алеппоның азат етілуімен АҚШ пен одақтастары осы стратегияны қайтадан ұстануда. Башар Асад та бұл мәселені қуаттады. Лаңкестердің ауыр қаруларымен Пальмира қаласына қарай ондаған шақырымды өтуі Башар Асадтың АҚШ-тың Пальмираға шабуыл жасауға рұқсат бергені туралы сөздерін дәлелдейді. Әлбетте, бұл шабуыл АҚШ-тың қолдауынсыз орын алмайтын еді. Башар Асад сонымен бірге АҚШ-тың Сириядағы лаңкестерді қолдайтынын дәлелдейтін басқа белгілерге де назар аудартты. Асадтың айтуынша, лаңкестер Сирияның солтүстігіндегі Ракка қаласына шабуыл жасаған кезде АҚШ-ның әуе күштері лаңкестерге қарсы ешбір әрекет жасаған жоқ.