Иран Сирия халқына 75 тонна гуманитарлық көмек жіберді
Иран Ислам Республикасының көмек және құтқару ұйымының басшысы Сирия үкіметіне Иранның Қызыл Жарты Ай ұйымының 75 тоннадан тұратын дәрі-дәрмек пен гуманитарлық көмек жібергенін хабарлады.
Мортеза Салими жұма күні: «Бұл гуманитарлық көмек жеткізілімі 400 көмек көрсету шатырлары мен 4 мың көрпе және 30 тонна күріш секілді қажетті заттарды қамтыды», - деді.
Салехи Алеппо қаласына аталмыш көмек жүктерімен бірге бес тонна дәрі-дәрмектің жіберілгеніне сілтеме жасап: «Аталмыш көмек көрсету жеткізілімі жылдам жөнелту мен Сириядағы келісім жұмыстарына байланысты Сирия үкіметіне табыс етілді. Қажетті үйлестіру жұмыстары іске асқан жағдайда басқа да көмек жеткізілімдері Сирияға жіберіледі», - деп мәлімдеді.