Сауда Арабиясы Йеменде тыйым салынған қаруларды қолданғандарын мойындады
Жел 20, 2016 21:54 Asia/Almaty
Йемендегі Сауда Арабиясы күштерінің ақпарат хатшысы Ахмад әл- Асири Саудия күштерінің Йеменге жасаған шабуылда Ұлыбританияда жасалған "BL755" жарықшақты бомбаларды қолданғандарын мойындап:
«Сол бомбалармен тек арнайы әскери нысандарды ғана нысанаға алдық» деген уәж айтып: «Эр-Рияд жарықшақты бомбаларды қолдануды доғаруды ұйғарып, Ұлыбритания үкіметін де осы шешімінен хабардар етті» деді.
Ұлыбритания Қорғаныс министрі Майкл Фэллон осы елдің Қауымдар палатасының депутаттарына есеп ұсынып, саудиялықтардың Йеменмен соғыста 1980 жылдары Ұлыбританиядан сатып алған жарықшақты бомбаларды қолданғандарын мәлімдеді.
Тегтер