Сионистер араб елдерінің Ливан Хезболласына қарсы шарасын қолдады
Сионистік режимнің қайраткерлері мен ақпарат құралдары араб елдерінің Ливан Хезболласына қарсы саяси мәлімдемелерін қолдады.
Израильдің бұрынғы Сыртқы істер министрі әрі осы режим Кнессетінің депутаты Ципи Ливни Парсы Шығанағы Ынтымақтастық Кеңесі мен Араб Одағына мүше елдер Ішкі істер министрлері кеңесінің Ливан Хезболласына қарсы шарасына көрсеткен реакциясында Араб Одағы мүшелерінің тұрғыларын Израильге жақын екендігін айтты.
Сионистік «Maariv» газеті де бейсенбі күні: «Парсы Шығанағы Ынтымақтастық Кеңесі мен Араб Одағына мүше елдер Ішкі істер министрлері кеңесінің Ливан қарсыласуын лаңкестік деп атауы Израиль үшін жеңіс пен жетістік болып табылады» деп жазды.
Парсы Шығанағы Ынтымақтастық Кеңесі кеше сәрсенбі күні қастық шарасында мәлімдеме жаряилап, Ливан Хезболласын лаңкестік топтардың тізіміне қосты.
Араб елдерінің сионистік режимнің мақсаттары бағытындағы Ливан Хезболласына қарсы саяси мәлімдемелері ливандықтар мен палестиналықтардың, сонымен қатар аймақтың басқа елдерінің де ауқымды реакциясына тап болды.