Түркия премьер-министрі Теһранға келді
Түркия премьер-министрі Ахмет Давудоглу жоғары деңгейлі саяси-экономикалық делегацияны бастап Теһранға келді.
Осы сапарда Түркияның Экономика, Кеден және сауда, Энергетика, Тасымал және байланыстар мен Даму министрлері, осы елдің мамандары мен үкіметтік басшылары және ақпарат құралдары басшыларының өкілдері Давудоглумен бірге Иранға келді.
Түркияның Иранға сапармен келген делегацияның құрамына қарап, екі ел келіссөздерінің басты тақырыбы сауда-экономикалық мәселелер, екі елдің қарым-қатынастар деңгейін арттыру, екі елдің сауда айналымының мөлшерін 30 миллиард долларға жеткізу жолдарын талқылауға арналады деп айтуға болады.
Сауда қатынастарын орта мерзімді кезеңде 30 миллиард долларға жеткізу межесі екі ел басшылары тарапынан ұсынылған болатын.
Түркия премьер-министрінің Иранға сапары "Ортақ қадам" бағдарламасы жүзеге асырылып, осы елдің үкіметтік және жеке бөлімдері Иран мен Батыстың ядролық келісімін ауқымды түрде қарсы алған жағдайда орын алды.
Бұл сапар Давудоглудың премьер-министрлік лауазымда Иранға жасаған бірінші сапары әрі соңғы екі жылда премьер-министрлік деңгейде Түркиядан Иранға жасалған алғашқы сапар саналады.