Йеменде саудиялық басқыншылардың ұшағы құлатылды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i2143
Йеменде саудиялық басқыншылардың ұшағы құлатылды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 05, 2016 16:12 Asia/Almaty
  • Йеменде саудиялық басқыншылардың ұшағы құлатылды

Йеменде саудиялық басқыншылардың ұшағы құлатылды.

Йеменнің ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сенбі күні таңертең Йеменнің орталығындағы Ибб облысының Сахул аймағында саудиялық басқыншылардың бір ұшағы құлатылды. Саудиялық шабуылдаушы ұшақтар Йеменнің оңтүстігіндегі Джабаль қаласына қарасты бір ауылды бірнеше рет бомбалады. Бұл шабуылдардың шығыны туралы әлі мағлұмат жарияланған жоқ.

Йемен әскері мен қарулы күштері де Баб әл-Мандаб аймағы мен Аден шығанағының жағалауындағы Заббаб қаласына қарай ілгеріледі.

Йемен әскері мен қарулы күштері сонымен қатар Йеменнің оңтүстігіндегі аймақтарды да өз бақылауына алды.

Арабстан кейбір араб елдерімен бірігіп АҚШ-тың қолдауымен 2015 жылдың наурыз айынан осы уақытқа дейін Йемен халқына қарсы ауқымды шабуылдар жасап жатыр. Бұл шабуылдарда мыңдаған йемендік, соның ішінде, балалар мен әйелдер өлтіріліп, он мыңдаған адам босқынға айналды.