Жаһангири: Түркия Иранның сырқы саясатында ерекше мәртебеге ие
https://itolqyn.com/news/west_asia-i2161-Жаһангири_Түркия_Иранның_сырқы_саясатында_ерекше_мәртебеге_ие
Президенттің бірінші орынбасары Иран ислам республикасының сыртқы саясатының көршілермен байланысты жан- жақты кеңейтуге негізделгенін және осы арада Түркияның ерекше мәртебеге ие екендігін айтты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 05, 2016 20:28 Asia/Almaty
  • Жаһангири: Түркия Иранның сырқы саясатында ерекше мәртебеге ие

Президенттің бірінші орынбасары Иран ислам республикасының сыртқы саясатының көршілермен байланысты жан- жақты кеңейтуге негізделгенін және осы арада Түркияның ерекше мәртебеге ие екендігін айтты.

Исхақ Жаһангири Иран мен Түркияның жоғары мәртебелі делегацияларының бірлескен келіссөзінде Теһран мен Анкара арасындағы сұхбаттасулар мен саяси кеңесулердің жалғасуын әсерлі де пайдалы болатындығын және Иранның осы тақырыпты қолдайтындығын қуаттап: «Иран мен Түркия аймақта бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуда ортақ мүддеге ие. Сондықтан өз араларындағы келіспеушіліктерін лайықты түрде шешуі керек» деді.

Түркияның үкімет басшысы да келіссөздерде осы сапардың екі елдің байланыстарында игі бастама бола алатындығына сілтеме жасап: «Анкара ынтымақтастықтарды жақсарту үшін қолдан келгенін аямайды. Алдағы төрт жылда байланыстарды кеңейту үшін қолайлы шеңбердің негізін қалай аламыз деп сендіремін» деді.

Давудоғло Иран мен Түркия экономикасының әкімшілік кедергілер шешілсе бірін- бірі толықтырушы бола алатынын қуаттап: «Екі ел экономикасының байланысуы аймақта тыныштық орнатуға себеп болып, бейбітшілік пен тұрақтылық қалыптастыратындығы шәксіз» деді.