Иран 2015 жылы Түркияға мұнай экспорттаған екінші ел болды
Иран өткен жылы Түркияның шикі мұнайға деген қажеттілігінің 22 пайызын қамтамасыз ету арқылы Ирактан кейін осы елге мұнай экспорттайтын екінші елге айналды.
Иран Мұнай министрлігінің хабарлауы бойынша, Түркияның шикі мұнай импорты 2015 жылы былтырғы жылмен салыстырғанда 43 пайызға артып, орташа есептегенде күніне 506 мың баррельге жеткен. Бұл көлем Иран үшін қабылдауға боларлық жаңа меже саналады.
2015 жылғы Түркияның шикі мұнай импортының 230 мың баррельге жуығы (45 пайыз) Ирак арқылы қамтамасыз етілді. Бұл көлем былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе артқан.
«Таяу Шығыстың экономикалық зерттеулері» басылымының жариялаған есебі бойынша, Иран Ирактан кейін Түркияға күніне 110 мың баррель мұнай экспорттай отырып, осы елдің шикі мұнай импортының 22 пайызын еншілей алды.