Әмир Абдоллаһиян: эр-Риядтың бұрыс ұстанымы Йемендегі дағдарыстың күшеюіне себеп болып отыр
(last modified Thu, 29 Dec 2016 04:19:31 GMT )
Жел 29, 2016 10:19 Asia/Almaty
  • Әмир Абдоллаһиян: эр-Риядтың бұрыс ұстанымы Йемендегі дағдарыстың күшеюіне себеп болып отыр

Иран ислам кеңесі мәжілісі төрағасының халықаралық істер бойынша арнайы көмекшісі Сауда Арабиясының Йеменге әскери шапқыншылығының жалғасуы мен осы елдің қоршауға алынуын саудиялықтардың қате саясаты деп атады.

Иран студенттерінің ақпарат агенттігі ИСНА- ның хабарлауынша, Иран ислам кеңесі мәжілісі төрағасының халықаралық істер бойынша арнайы көмекшісі Хосейн Әмир Абдоллаһиян сейсенбі күні Теһранда Йемен революциясы жоғары кеңесінің мүшесі Резван әл- Химиді қабылдауында: «Эр-Рияд бұрыс тұрғы ұстануымен Йемендегі дағдарысты күшейтті.

Йеменге қарсы соғыс аймақта бейберекет тудырып отыр. Саудия коалициясының Йеменге шабуылы тәкфирлік лаңкестіктің өсуін өршітіп, бір ислам елінің инфрақұрылымдарын жоюмен қоса ондаған мың йемендік мұсылманның қырылуы мен босқындап кетуіне себеп болды.

Йемен халқы мен жетекшілерінің лаңкестік пен шапқыншылыққа қарсы төзімділігінің нәтижесі осы елдің тәуелсіздігі мен жер тұтастығын сақтау болды. Иран Йемен дағдарысын шешудің жалғыз жолы ретінде саяси шешім жолын қолдайды» деді.

Йемен революциясы жоғары кеңесінің мүшесі де осы кездесуде: «Йемен халқы сионистік-ваххабистік жаулар мен жалдамалы күштерді жеңуін Иран ислам республикасы мен аймақтағы кейбір елдердің тілеулестігі мен саяси және рухани демеушілігіне қарыздар санайды» деді.