Саудиялықтардың қажылыққа қатысу үшін Иранға шақыру жолдағаны туралы уәжі теріске шығарылды
Иран ислам республикасының Қажылық және зиярат ұйымының төрағасы саудиялықтардың келесі қажылық рәсіміне қатысу үшін Иранға хат жолдағаны туралы уәжін теріске шығарды.
Сауд Арабиясының Қажылық және умра министрі Мұхаммад Бантан бейсенбі күні эр- Рияд Иран ислам республикасының Қажылық және зиярат ұйымының делегациясын қажылық рәсімін өткізуге келісім жасау үшін отырысқа қатысуға шақырды деп мәлімдеді.
Иранның Қажылық және зиярат ұйымының төрағасы Хамид Мұхаммади Сауд Арабиясы тарапынан алдағы қажылық рәсімі үшін Иранға ешбір шақырудың келмегенін қуаттап: «Қажылық пен зиярат ұйымы және ислам революциясының мәртебелі жетекшісінің өкілдігі бар күштерін салып, қажылыққа жол ашуды мақсат етуде» деді. Өткен жылы Сауд әулетінің салғырттығы мен басқа да себептерге байланысты, соның ішінде Сауд Арабиясы үкіметінің кедергі келтіруі салдарынан жеті мыңнан астам қажы, соның ішінде 477 ирандық қажы Мекке мен Мина апатында көз жұмды.
Саудиялықтар биыл да негізсіз себептермен кейбір ислам елдерінің, атап айтқанда Иран мен Сирия азаматтарының қажылық рәсіміне қатысуына бөгет жасап отыр.