Нури Малеки: Қарсыласу шебі – сионистік режимге қарсы күрес майданы
(last modified Tue, 03 Jan 2017 09:11:06 GMT )
Қаң 03, 2017 15:11 Asia/Almaty
  • Нури Малеки: Қарсыласу шебі – сионистік режимге қарсы күрес майданы

Ирактың Вице-президенті елінің қарсыласу шебін сионистік режимге қарсы күрес майданы санайтынын және қарсыласу шебімен ынтымақтастығын жалғастыратынын қуаттады.

Ирактың Вице-президенті және «Дава» исламдық партиясының Бас хатшысы Нури Малеки дүйсенбі күні Теһранда өткізген баспасөз отырысында сионистік режимнің қатерін  аймақтағы лаңкестіктен қауіпті деп атап: «Сионистік режимнің жобалары тек Палестинаны ғана емес, бүкіл аймақты  жаулап алуды қарастырады»,- деді.

 Нури Малеки Иранды басқыншы Израиль режиміне қарсы күрестің алғы шебі деп атап: «Сионистік режимнің жобалары мен қастықтарына қарсы күрес жан-жақты болуы керек. Өйткені бұл режим аймақ мемлекеттерін жіктеуді мақсат етуде. Ирактың саясаттары әрқашан ДАИШ лаңкестік тобы мен бұл топтың Сирия Президенті Башар Асадтың заңды үкіметін құлатуына қарсы болды»,- деп қуаттады. Ол сөзінің жалғасында Сауд Арабиясының аймақтағы соңғы әрекеттерінің қатерлі  екенін баса айтып: «Сауд Арабиясы – Таяу Шығыс аймағындағы лаңкестік пен ваххабизмнің орталығы. Бірақ бұл мемлекет лаңкестік топтарды қолдауының салдарын көреді. Сауд Арабиясы Йемен мен Сирияда  ауыр шығын көріп отыр. Бұл Риядтың саясаттарының қате болғандығының белгісі»,- деді.

 

 

 

 

Тегтер