Ирактың халықтық ерікті күштері елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады
(last modified Tue, 03 Jan 2017 14:38:32 GMT )
Қаң 03, 2017 20:38 Asia/Almaty
  • Ирактың халықтық ерікті күштері елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Ирактың халықтық ерікті күштерінің өз елінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шамаларының жететінін айтты.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани Теһранда Ирак президентінің бірінші орынбасары Нури Малекиді қабылдауда: «Ирактың халықтық ерікті күштері осы ел болашағының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің стратегиялық потенциалы болып табылады» деді.

Шамхани Ирак армиясы мен халықтық күштерінің лаңкестікпен күрестегі кең  ауқымды жетістіктеріне сілтеме жасап: «Лаңкестік бүлігі – бейберекеттік пен тұрақсыздықтың негізгі қайнар көзі. Ирактың бұл негіздегі жетістіктері лаңкестікпен күрестің жалғыз түзу жолы халықтың әлеуеті мен қабілетіне иек арту және жергілікті мүмкіндіктерді пайдалану болып табылады деген шындықты растайды» деді.

Шамхани Иранның Ирак үкіметі мен халқын лаңкестікке тойтарыс беру үшін үздіксіз қолдауға мүдделігіне сілтеме жасап: «Ирактың солтүстігіндегі Мосулді ДАИШ- тің басқыншылығынан азат ету үдерісін әлсірету үшін келтірілген кейбір кедергілері Американың аймақтағы дағдарыстың тамамдалуын қаламауынан тундап отыр» деді.

Нури Малеки Ирактағы соңғы өзгерістер туралы мәлімдеп, Иранға сапар шегуі мен ислам республикасының басшыларымен кездесуінің мақсатын жан- жақты байланыстарды кеңейту және қарсыласу майданы әріптестігі шеңберінде ынтымақтастықты ұлғайту үшін ой бөлісу деп атады.

 

 

Тегтер