Велаяти: Дұшпандардың Иракты бөлу мақсатындағы қастандықтары сәтсіздікке ұшырады
(last modified Wed, 04 Jan 2017 09:31:27 GMT )
Қаң 04, 2017 15:31 Asia/Almaty
  • Велаяти: Дұшпандардың Иракты бөлу мақсатындағы қастандықтары сәтсіздікке ұшырады

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы дұшпандардың Иракты бөлу мақсатындағы қастықтарының сәтсіздікке ұшырағанын қуаттады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы Әлиакбар Велаяти сейсенбі күні Теһранда журналистердің алдында сөйлеген сөзінде АҚШ-тың қолдауына ие аймақтың кейбір үкіметтерінің Иракты бөлу мақсаттарына тоқталып, дұшпандардың қастықтарының сәтсіздікке ұшырайтындығын қуаттап:

 «ИИР-ның  тұрақты ұстанымы – Ираннан басталып, Ирактан өтіп, Сирия, Ливан және Палестинаға жететін қарсыласу шебін қолдау»,- деді.

 

 

Тегтер