Сирия мен Ирактағы қылмыстар Сауд әулетінің тікелей қолдауымен жасалып отыр
(last modified Thu, 05 Jan 2017 03:32:38 GMT )
Қаң 05, 2017 09:32 Asia/Almaty
  • Сирия мен Ирактағы қылмыстар Сауд әулетінің тікелей қолдауымен жасалып отыр

Әһле Бейт (ғ) әлемдік ассамблеясының бас хатшысы: «Сирия мен Ирактағы қылмыстар Сауд әулеті режимінің тікелей демеушілігімен орын алуда» деді.

ИСНА-ның сәрсенбі күнгі хабарлауынша, Әһле Бейт (ғ) әлемдік ассамблеясының бас хатшысы худжатул ислам уа ал-муслимин  Мұхаммад Хасан Ахтари Сауд Арабиясының Йемендегі 22 ай бойы жасаған қылмыстарына сілтеме жасап: «Сауд әулеті режимінің аймақтағы барлық қантөгістерде рөлі бар. Аймақ мұсылмандарының бүгінгі дағдарысы Сауд Арабиясы тарапынан жобаланған. Бұл режим мұсылмандардың негізгі жауы болып табылады. Ислам әлемінде үлкен астыртын әрекеттер жүріп жатыр. АҚШ, Израиль режимі және Ұлыбритания мұсылмандар арасына іріткі салу үшін көптеген жоспарлар құрып, бүгінде соны іске асырып жатыр. Исламның жаулары Талибанды Ауғанстан мен Пәкістанда бір- біріне айдап салды. Содан соң "ән- Носрат" және ДАИШ лаңкестік топтарын құрды» деді.

Ол сондай- ақ Сауд Арабиясының әйгілі рухани қайраткері шейх Нимр Бағер Нимрдің шәһид болуының алғашқы жылдығына сілтеме жасап: «Шейх Нимр Бағер Нимр өзі мен Бахрейн халқының құқығын қорғау үшін Сауд әулетінің зұлымдығына қарсылық танытып, шәһид болды» деді.

Әһле Бейт (ғ) әлемдік ассамблеясының бас хатшысы Йемен мен Бахрейн халқының жеңісінің жақын қалғанын айтып: «Шәһид шейх Нимр сияқты шәһидтердің қаны Сауд әулетінің алқымынан алады» деп баса айтты.

 

 

Тегтер