Иран мен Сирияның ортақ экономикалық жобаларына көңіл бөлу қажет
https://itolqyn.com/news/west_asia-i22693-Иран_мен_Сирияның_ортақ_экономикалық_жобаларына_көңіл_бөлу_қажет
Иран ислам кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының төрағасы мен Сирияның премьер-министрі екі елдің ортақ экономикалық жобаларына көңіл бөлу қажеттігін қуаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 05, 2017 20:34 Asia/Almaty
  • Иран мен Сирияның ортақ экономикалық жобаларына көңіл бөлу қажет

Иран ислам кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының төрағасы мен Сирияның премьер-министрі екі елдің ортақ экономикалық жобаларына көңіл бөлу қажеттігін қуаттады.

Сирия премьер-министрі Эмад Хамис осы кездесуде екі ұлттың мүддесі шеңберінде Иран мен Сирияның экономикалық ынтымақтастықтарын кеңейтуге мүдделік танытып: «Сирия халқы өз еліндегі алты жылға созылған дағдарыс бойында Иранның көрсеткен қолдауларына алғыс айтады» деді. Сирия премьер-министрі Теһран мен Дамасктің лаңкестікпен күресте бір шепте екенін мәлімдеп: «Сирия армиясының Алепподағы үлкен жеңісі одақтастарының, әсіресе Иран ислам республикасының Сириядағы құзырына қарыздар» деді.