Иран мен Сирияның ортақ экономикалық жобаларына көңіл бөлу қажет
Қаң 05, 2017 20:34 Asia/Almaty
Иран ислам кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының төрағасы мен Сирияның премьер-министрі екі елдің ортақ экономикалық жобаларына көңіл бөлу қажеттігін қуаттады.
Сирия премьер-министрі Эмад Хамис осы кездесуде екі ұлттың мүддесі шеңберінде Иран мен Сирияның экономикалық ынтымақтастықтарын кеңейтуге мүдделік танытып: «Сирия халқы өз еліндегі алты жылға созылған дағдарыс бойында Иранның көрсеткен қолдауларына алғыс айтады» деді. Сирия премьер-министрі Теһран мен Дамасктің лаңкестікпен күресте бір шепте екенін мәлімдеп: «Сирия армиясының Алепподағы үлкен жеңісі одақтастарының, әсіресе Иран ислам республикасының Сириядағы құзырына қарыздар» деді.
Тегтер