Сирия Қазақстанда өтетін бейбітшілік келіссөздеріне қатысуға келісті
Сирия Сыртқы істер министрінің орынбасары бұл ел үкіметінің Астанада өтетін Сирия бейбітшілік келіссөздеріне қатысуға келіскені туралы мәлімдеді.
Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Сирия Сыртқы істер министрінің орынбасары Фейсал Меқдад кеше бейсенбі күні: «Сирия үкіметі елдің жазықсыз адамдарының қырылуын тоқтату механизміне қол жеткізуде шынайы ерік-жігерге ие»,- деді.
БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі өткен сенбі күні Ресей ме Түркияның Сириядағы атысты тоқтату туралы ұсынысының қарарын бекітіп, Сирияның әртүрлі аймақтарындағы қақтығыстарды тоқтатып, зардап шеккендерге көмек көрсетуді жылдамдатып, Астанада Сирияға қатысты келіссөздер өткізуді қолдаған болатын.
Иран, Ресей және Түркия Сыртқы істер министрлерінің кездесуі мен келіссөздерінен кейін үшжақты мәлімдеме жарияланды. Сол мәлімдеме бойынша Сирия үкіметі мен сириялық наразылардың келіссөздері қаңтар айында Астанада өтетін болып келісілді. Қарулы топтар Астана отырысына қатыспайтындықтарын мәлімдеді.