Сауд Арабиясының лаңкестікке қолдау көрсетуі аймақтағы тәртіпсіздікке соқтырды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i22813
Иран СІМ Бас хатшысы Сауд Арабиясының Қорғаныс министрі Иранға қарсы уәждеріне реакция білдіріп: «Сауд Арабиясы тәкфіршіл және лаңкестік топтарға қолдау көрсету арқылы аймақта тәртіпсіздіктердің орнауына соқтырды»,- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 08, 2017 16:00 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясының лаңкестікке қолдау көрсетуі аймақтағы тәртіпсіздікке соқтырды

Иран СІМ Бас хатшысы Сауд Арабиясының Қорғаныс министрі Иранға қарсы уәждеріне реакция білдіріп: «Сауд Арабиясы тәкфіршіл және лаңкестік топтарға қолдау көрсету арқылы аймақта тәртіпсіздіктердің орнауына соқтырды»,- деді.

Иран СІМ Баспасөз хатшысы Бахрам Қасеми сенбі күні: «Әлемдегі бейбітшілік пен тыныштық үшін өз қатынасын өзгертуді қажет ететін саяси ойыншылардың бірі Сауд Арабиясы болып табылады»,- деп мәлімдеді.                                       

Бахрам Қасеми тәкфіршіл лаңкестіктің түп тамырының уаһабизм идеяларында жатқанын айтып: «Сауд Арабиясы бір жағынан Сирия, Ирак және Йемен халықтарына қарсы қылмыстардың себепкері саналады, басқа жақтан сионистік режиммен одақтасқаны үшін мұсылмандарға, әсіресе Араб әлемі мен Палестина арманына қиянат жасағаны дәлелденді.

Батыстың барлау агенттіктерінің хабарламаларына сәйкес, Сауд Арабиясы мен әлемнің түкпір-түкпіріндегі тәкфіршіл экстремистер арасында айқын әрі ұйымдастырылған қарым-қатынастың бар екендігі анықталды. Ал Сауд Арабиясы Қорғаныс министрінің мәлімдемелері осы ақпараттық әшкерелеу жайлы болжамдар секілді көрінеді»,- деді.

Сауд Арабиясының Қорғаныс министрі Мохаммед бин Салман америкалық Foreign Affairs басылымына берген сұхбатында: «Иран шектен тыс идеология, тұрақсыздық пен лаңкестік секілді үш негізгі мәселенің өкілі болып табылады»,- деп мәлімдеген болатын.