Түркия Ирак күрдтеріне қарсы химиялық қару қолданды
(last modified Mon, 07 Mar 2016 14:51:01 GMT )
Нау 07, 2016 20:51 Asia/Almaty
  • Түркия Ирак күрдтеріне қарсы химиялық қару қолданды

Ирак парламентіндегі Күрдістан коалициясының өкілі Махмуд Реза осы елдің мәжілісінде бір мәлімдеме жариялап: "Түркия армиясы лаңкестікпен күресу желеуімен шекарадағы күрдтер тұратын елді мекендерге қарсы химиялық қару қолданды.

Түркия үкіметі күрдтерге геноцид жасап жатыр. Осы уақытқа дейін 500- ден астам күрд азаматын жаппай өлтіріп, бірқатарын жаралады. Түркия осындай шаралармен күрдтерді әлсіретіп, оларды Түркияның билік жүйесінің астамшылдығына мойынсұнуға мәжбүрлеу үшін талпыныс жасауда" деді.