Иран, Ресей, Сирия және Ирактың лаңкестерге қарсы коалициясы шынайы
Сирия премьер-министрі Иран, Ресей, Сирия, Ирак пен қарсыласу күштерінің аймақтағы лаңкестермен күресу және олардың көзін жою үшін құрған коалициясын шынайы деп атады.
Сирия премьер-министрі Эмад Хамис Ливанның "әл-Аһд" ақпарат торабына берген сұхбатта: «Иран, Ресей, Сирия, Ирак пен қарсыласу күштерінің коалициясы лаңкестіктің аймақта, әсіресе Сирия мен Иракта кеңеюінің алдын алу үшін құрылған» деді.
Эмад Хамис лаңкестіктің аймақта тамырын жая алмайтындығын, өйткені аймақта бұл құбылысқа орынның жоқ екендігін қуаттап: «Иран, Ресей, Сирия, Ирак және қарсыласу күштерінің коалициясы лаңкестердің аймақта қалуына рұқсат етпейді» деді.
Сирия премьер-министрі өзінің Иранға жасаған жуықтағы сапары туралы: «Бұл игі қарым-қатынасқа ие екі ел үшін қалыпты сапар болды. Соған сәйкес ирандық және сириялық басшылар әрдайым байланыстарды кеңейту үшін бір-бірінің елдеріне сапар шегеді» деді.