Израиль Америка елшілігін Құдсқа көшірудің салдарларына алаңдап отыр
(last modified Sat, 21 Jan 2017 14:26:13 GMT )
Қаң 21, 2017 20:26 Asia/Almaty
  • Израиль Америка елшілігін Құдсқа көшірудің салдарларына алаңдап отыр

Израильдің әскери және қауіпсіздік қызмет органдары премьер-министр Беньямин Нетаньяхуға: «Егер АҚШ президенті Дональд Трамп өз елінің елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа ауыстырса, Израильді қауіпсіздік және саяси қауіп-қатерлерге душар етеді» деп ескертті.

Армия, полиция және қоғамдық қауіпсіздік қызметі "ШАБАК", егер Трамп АҚШ елшілігін Құдсқа көшірсе, Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Құдстағы мазасыздықтар артып, күшейе түсіп, оның бақылауы қиындайды деген мәселеге алаңдап отыр. Нетаньяху әскери және қауіпсіздік қызмет органдарын кез-келген мазасыздыққа тосқауыл қоюға сақадай сай тұруға бұйрық берген.