Абубакр әл-Бағдади Нейнаваның батысында жараланды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i23577
Ирактың ақпарат көздері жексенбі күні кешке ДАИШ лаңкестік тобының басшысы Абубакр әл-Бағдадидың осы елдің солтүстігіндегі Нейнава облысының батысында жараланғанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 23, 2017 14:41 Asia/Almaty
  • Абубакр әл-Бағдади Нейнаваның батысында жараланды

Ирактың ақпарат көздері жексенбі күні кешке ДАИШ лаңкестік тобының басшысы Абубакр әл-Бағдадидың осы елдің солтүстігіндегі Нейнава облысының батысында жараланғанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Абубакр әл-Бағдади мен ДАИШ-тың бірнеше қолбасшысы бірнеше көлікпен Сириядан Ираққа келген кезде әуе шабуылына ұшыраған.

Сонымен қатар, Ирактың әл-Анбар облысындағы «Хашд аш-Шааби» халықтық күштерінің  қолбасшысы Халаф әл-Жалибауи ДАИШ лаңкестік тобының бірқатар мүшесінің осы облысқа қайтып келгенін хабарлап: «Әл-Анбар Бағдадтан 110 шақырым жердегі осы облыстың орталығы әр-Рамади қаласында ДАИШ тобының жаңа қонысының пайда болу қатеріне ұшырап отыр»,-деді.

Әл-Анбар облысының қалалары, соның ішінде  әр-Рамади, Фалуджа, Америя мен Халедия соңғы күндері  лаңкестік шабуылдардың үдеуінің куәсі болды. Соның салдарынан ондаған қарапайым азамат қаза болып, жараланды.

ДАИШ лаңкестері Ирактың күштерінен әсіресе Нейнава облысында үсті-үстіне жеңілгеннен кейін осы елдің әртүрлі қалаларындағы қарапайым адамдарды өлтіруге кірісті.