Сирия президентінің әкімшілігі: Башар Асадтың денсаулығы жақсы
Сирия президентінің әкімшілігі осы ел президентінің науқастануы мен денсаулығының нашарлауы туралы қауесеттерді теріске шығарды.
ИРНА-ның хабарлауынша, Сирия президентінің әкімшілігі жұма күнгі бір мәлімдемеде: "Кейбір интернеттік тораптар Башар Асадтың денсаулығы туралы хабарлар таратты. Бұл қауесеттерді кімге тәуелді және кімнен қаржылай қолдау көріп отырғаны белгілі тараптар мен газеттер жариялап отыр" деді.
Сирия президентінің әкімшілігі лаңкестердің бұл жалған уәждерін бос арман деп атап: "Өткен жылдары лаңкестер мен олардың қолдаушыларының діттеген мақсаттарына қайшы Сирия үкіметі мен әскері саяси және әскери ілгерілеушіліктер мен табыстарға қол жеткізіп жатқан жағдайда осындай қауесеттер таратылып жатыр. Сирия халқы осы елдегі соғыстың басынан бастап ауқымды түрде жарияланып жатқан осындай қауесеттерден сақтандырылған" деп қуаттады.
Сирияда жеңіліс тапқан лаңкестер өз мүшелерінің рухын көтеру үшін әрдайым Сирия басшылары, әсіресе, осы ел президентінің денсаулығы туралы қауесеттер таратады.