Саудия басшылары Йемендегі адамзатқа қарсы қылмыстарына жауап беруі тиіс
https://itolqyn.com/news/west_asia-i23981
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрінің жалған уәждері бұл елдің Йемендегі үсті-үстіне орын алып жатқан ауыр жеңілістеріне байланысты»,- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 04, 2017 13:37 Asia/Almaty
  • Саудия басшылары Йемендегі адамзатқа қарсы қылмыстарына жауап беруі тиіс

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрінің жалған уәждері бұл елдің Йемендегі үсті-үстіне орын алып жатқан ауыр жеңілістеріне байланысты»,- деді.

Иран СІМ-нің БАҚ дипломатиясы бас басқармасының хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Бахрам Қасеми жұма күні Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адель әл-Дужбейрдің Иран йемендік жауынгерлерге әскери көмек көрсетуде деген қайталама және жалған уәждеріне реакция білдіріп: «Сауд Арабиясының өзінің кінәсін қайта-қайта басқаларға таңуы шындықты өзгерте алмайды. Ал Йеменнің әскері мен халықтық күштері шетелдік көмекті қажет етпейді.

Сауд Арабиясы режимінің басшылары өздерінің соңғы екі жыл ішіндегі Йемендегі адамзатқа қарсы қылмыстарына жауап беруі тиіс. Мұндай айыптаулар олардың Йемендегі соғыс қылмыстарын жасағанына қатысты халықаралық жауапкершілігін азайтпайды.

Иран аймақтағы қуатты ел ретінде және лаңкестікпен күрестегі сындарлы, тұрақтылық орнатушы рөлінің арқасында аймақтағы мұсылман елдерінің ішкі істеріне араласуды қажет етпейді»,- деп қуаттады