ДАИШ Мосулде әскери емес бес азаматты өлтірді
Ақп 06, 2017 22:06 Asia/Almaty
Ирак армиясының бір офицері Мосул қаласының батыс бөлігін өз қарамағында ұстап отырған ДАИШ лаңкестік тобының қарапайым 5 азаматты осы топтың бұйрығына бағынбай, аймақтан қашып кетпек болды деген айыппен өлтіргенін хабарлады.
Ирактан түскен келесі бір мәлімет бойынша, ДАИШ-тің Ирактың Дияле облысының солтүстік-шығысына жасаған лаңкестік шабуылы залалсыздандырылып, халықтық күштер осы шабуылда ДАИШ тобының 8 мүшесінің көзін жойды.
Тегтер