Башар Асад еуропалықтардың Сирия дағдарысына қатысты іс-әрекеттерін сынады
Сирия президенті: "Көптеген еуропалық елдер Сирияда соғыс басталғаннан бері шынайы емес саясаттарды жүзеге асырып, лаңкестерді қолдады" деді.
Иран Телерадио бірлестігінің мәлімдеуінше, Сирия президенті Башар Асад дүйсенбі күні Дамаскте Филипп Девинтер бастаған Бльгияның парламенттік делегациясын қарсы алғаннан кейін: "Еуропалық елдер осындай саясаттарды жүзеге асырып, бұдан былай осы салада рөл атқара алмайтындай өздерін оқшауландырды.
Кейбір батыстың саясаткерлері сайлауда табысқа жету үшін ғана талпыныс жасайды. Олар үшін елі мен халқының мүдделері аса маңызды емес. Кейбір мәселелерге қатысты осындай әрекеттер Еуропада шындықтардан алшақ саясаттардың қалыптасуына себеп болды. Дәл осы мәселе Еуропа одағы мен бұл одақтың әлемдік өзгерістердегі рөліне көлеңке түсірді" деді.
Еуропалық делегацияның мүшелері кездесуде Сирия әскерінің Алеппо қаласын лаңкестердің басқыншылығынан азат етудегі жетістігінің лаңкестікке қарсы күрестегі күш тепе-теңдігінің өзгеруі мен бірқатар батыс елдері мен қайраткерлерінің ұстанымдарының өзгеруіне әсер еткенін қуаттады.