Йеменнің миллиондаған халқы жедел көмекке мұқтаж
https://itolqyn.com/news/west_asia-i24185
БҰҰ-ның Йемендегі бюросы осы елдің 10 миллионнан астам халқын қажеттіліктерімен жедел қамтамасыз етуге мүдделік танытты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 09, 2017 20:46 Asia/Almaty
  • Йеменнің миллиондаған халқы жедел көмекке мұқтаж

БҰҰ-ның Йемендегі бюросы осы елдің 10 миллионнан астам халқын қажеттіліктерімен жедел қамтамасыз етуге мүдделік танытты.

Йемен астанасы Санадағы БҰҰ-ның гуманитарлық істер бюросы өз мәлімдемесінде мәліметтерге сүйеніп:  «Йемендегі соғыстан кемінде 10 миллион 300 мың адам зардап шегіп отыр. Олар жан сақтау үшін азық-түлік, денсаулық сақтау мен емдеу қызметі және ауыз суға қатты мұқтаж болып отыр. Шамамен 3 миллион 300 мың адам, соның ішінде 2 миллион 100 мың бала аштыққа душар болса, 2 миллион адам өз үйлерін тастап, босқындап кеткен.

БҰҰ мен гуманитарлық ұйымдар 2017 жылы Йемен халқын жедел қажеттіліктермен қамтамасыз ету үшін бір миллиард 200 миллион доллар бюджет сұрап отыр» деді.

Сауд әулеті режимі 2015 жылдан бері өз шабуылдарында мектептер мен ауруханаларды, тұрғын аймақтар мен босқындардың лагерлерін бомбалап, жарықшақты бомбалар сияқты тыйым салынған қаруларды пайдаланып келеді.

Йемендік дереккөздерінің мәлімдеуі бойынша, Сауд Арабиясының Йеменге жасаған шабуылдарынан көбісі әскери емес азаматтар болып табылатын 11400-ден астам йемендік қаза болған.