Оман Сыртқы істер министрі Масқаттың Теһранмен мықты байланысқа ие екенін қуаттады
(last modified Tue, 14 Feb 2017 02:13:54 GMT )
Ақп 14, 2017 08:13 Asia/Almaty
  • Оман Сыртқы істер министрі Масқаттың Теһранмен мықты байланысқа ие екенін қуаттады

Оман Сыртқы істер министрі осы елдің Иран ислам республикасымен терең және байырғы байланыстарын қуаттады.

Оман Сыртқы істер министрі Юсеф Бин Алави араб тіліндегі "BBC" арнасына берген сұхбатында Парсы Шығанағы Ынтымақтастық Кеңесінде шешім қабылдаушылардың «Масқат Саудияның лаңкестікке қарсы коалициясына қосылды» деген уәжін жоққа шығарып: «Оманның Сауд Арабиясымен ынтымақтастығы Масқаттың Теһранмен мықты байланысына әсерін тигізбейді» деді.

Юсеф Бин Алави сондай-ақ кейбір тараптардың «Оман Иранның Йеменнің Ансаролла қозғалысына көрсетіп отырған көмектеріне көзжұмбайлық танытуда» деген айыптауына көрсеткен реакцияда: «Өкінішке орай, бұрыс мәлімет таратылуда» деді.

Оман Сыртқы істер министрі зымыран тиеген жүк көлігінің Оманнан мың шақырым, Йеменде екі мың шақырым жерде еш қиындықсыз өтуін масқара және қисынсыз деп атап: «Парсы Шығанағы Ынтымақтастық Кеңесінің мүшелерімен осы мәселелер туралы сұхбаттасудан кейін мұндай айыптаулар толығымен теріске шығарылды» деді.