Йеменде саудиялық қырғи ұшақ құлатылды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i24356
Йеменнің әуе қорғанысы күштері сейсенбі күні кешке Мариб облысында бір саудиялық қырғи ұшақты құлатты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 15, 2017 13:46 Asia/Almaty
  • Йеменде саудиялық қырғи ұшақ құлатылды

Йеменнің әуе қорғанысы күштері сейсенбі күні кешке Мариб облысында бір саудиялық қырғи ұшақты құлатты.

Alalam арнасының мәліметі бойынша, құлатылған қырғи ұшақтың түрі мен оны құлату тәсілі туралы мәлімет әлі жарияланбаған.

Йемендік көздер қазірдің өзінде Мариб қаласының аспанында төмен биіктікте саудиялық қырғи ұшақтардың ұшып жүргенін мәлімдеп: "Саудиялық жалдамалылар осы ұшақтың құлаған жерінің айналасын қоршап алды" деп хабарлады.

Арабстанның әскери басқыншылығынан осы уақытқа дейін 11 мың йемендік қаза болып, он мыңдаған адам жараланып, миллиондаған йемендік босқындыққа ұшырап, осы елдің инфрақұрылымдары қиратылды.