Сирияда ДАИШ-тың ұшқышсыз басқарылатын тыңшылық ұшағы құлатылды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i24466
Сирия әскері елдің шығысындағы Дайр-эз-Заур қаласының маңында ДАИШ лаңкестік тобының ұшқышсыз басқарылатын тыңшылық ұшағын құлатты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 19, 2017 16:41 Asia/Almaty
  • Сирияда ДАИШ-тың ұшқышсыз басқарылатын тыңшылық ұшағы құлатылды

Сирия әскері елдің шығысындағы Дайр-эз-Заур қаласының маңында ДАИШ лаңкестік тобының ұшқышсыз басқарылатын тыңшылық ұшағын құлатты.

Alalam ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сирия әскері ДАИШ-қа тиесілі бомба орнатылған ұшқышсыз басқарылатын тыңшылық ұшағын Дайр-эз-Заур қаласының оңтүстік-батысында құлатты.

Тыңшылық ұшағын құлату операциясы Сирия әскерінің Дайр-эз-Заур қаласының оңтүстігіндегі әл-Муқабир аймағында ДАИШ лаңкестеріне ауыр соққы беріп, олардың көпшілігін өлтірген кезде орын алған.