Сауд Арабиясының қырғи ұшақтары Йеменнің тұрғын аймақтарына шабуыл жасады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i2464
Сауд Арабиясы қырғи ұшақтарының Йеменнің солтүстігіндегі Эль-Джауф облысының тұрғын аймақтарына жасаған шабуылынан осы елдің бір топ азаматы қаза тапты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 09, 2016 21:53 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясының қырғи ұшақтары Йеменнің тұрғын аймақтарына шабуыл жасады

Сауд Арабиясы қырғи ұшақтарының Йеменнің солтүстігіндегі Эль-Джауф облысының тұрғын аймақтарына жасаған шабуылынан осы елдің бір топ азаматы қаза тапты.

Йеменнің «Саба» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін сәрсенбі күні Сауд Арабиясы жетекшілігіндегі шапқыншылар коалициясы қырғи ұшақтарының Йеменнің солтүстігіндегі Эль-Джауф облысының тұрғын аймақтарына жасаған шабуылынан осы елдің үш азаматы қаза тауып, бірқатар адам жараланған.

Саудия режимінің қырғи ұшақтары сондай- ақ Йеменнің оңтүстігінде Эль-Бейда және Таиз облыстарының кейбір аймақтарын әуе шабуылдарының нысанасына алды.

БҰҰ және Йеменнің Денсаулық сақтау министрлігі Сауд Арабиясы жетекшілігіндегі шапқыншылар коалициясының шабуылдарынан 8 мыңнан астам йемендіктің қазаға ұшырағанын хабарлады.

Сауд Арабиясы кейбір араб елдерімен бірге АҚШ- тың қолдауымен 2015 жылдың наурыз айынан қазірге дейін Йемен халқына қарсы ауқымды шабуылдар жасап жатыр. Шапқыншылардың шабуылдарынан осы уақытқа дейін мыңдаған йемендік, соның ішінде әйелдер мен балалар қазаға ұшырап, ондаған мың адам босқынға ұшырады.