Йеменде шабуылдаушы ұшқышсыз ұшақтардың тұсаукесері өтті
Йеменнің Жоғары саяси кеңесі төрағасының қатысуымен отандық шабуылдаушы төрт ұшқышсыз ұшақтың тұсаукесер рәсімі өтті.
Press TV телеарнасының Йеменнің «ән-Наджм әс-Сағеб» ақпарат сайтына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, бұл ұшқышсыз ұшақтар бақылау, анықтау, төтенше жағдайды жариялау және соғыс майдандарында шабылдау қабілетіне ие.
Йеменнің Жоғары саяси кеңесі төрағасы Салех Самад осы рәсімде: «Басқыншылар жаңа қару-жарақтар мен құрал-жабдықтар, ақпарат құралдары мен ішкі және шетелдік жалдамалыларды қолданғанына қарамастан йемендіктердің биік рухын әлсіретіп, олардың табандылығын жеңе алмады»,-деді.
Йемен армиясы жуырдағы бір мәлімдемесінде АҚШ-тың дамыған зымырандар кешенінің йемендік зымырандарды құлатуға қабілетсіз екенін хабарлап: «Йеменнің баллистикалық зымырандарының тию дәлдігі мен сапасын арттыруы өткен жылы АҚШ-тың Сауд Арабиясына берген «Патриот» зымырандық кешенінің оларды құлата алмауына себеп болды»,-деді.