Хайфада мыңдаған сионист аммоний сақтау орталығын жабуға қатысты митинг өткізді
Мыңдаған сионист басып алынған Палестина жеріндегі Хайфа ауданындағы сот ғимаратының алдына жиналып, осы қаладағы аммоний сақтау орталығын жабуды талап етті.
ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, жексенбі күні митингпен бір мезгілде Хайфа ауданының судьялары шамамен 3 сағат бойы осы орталықтың қатерін талқылады.
Бұл орталық қуаты бойынша Жапонияның Хиросима қаласына тасталған атом бомбасынан 5 есе зияндырақ көрінеді.
Хайфаның жергілікті соты осыдан бұрынғы бір үкімінде «Хайфа Гроуп» компаниясына биылғы жылдың 25 ақпанына дейін осы орталықтан химиялық заттарды шығаруға мұрсат берген болатын.
Хайфадағы аммоний сақтау орталығы 30 жыл бойы жұмыс істеп келеді. «Текниун» технологиялық институты жуырда бұл орталықты халықтың денсаулығына қатерлі деп жариялады.
Хайфаның аммоний сақтайтын қоймаларында шамамен 12 мың тонна улы газ бар. Егер бұл газ кез-келген себеппен ауаға таралатын болса, 600 мың адамды қырғынға ұшыратады.