Йемен дағдарысының шешілуі трансөңірлік елдердің жігерін қажет етеді
Сауд Арабиясының Йемендегі қылмыстарының артуы мен йемендік күштердің 8 айлық келіссөздерінің тоқтатылуына орай БҰҰ Йемен дағдарысын шешумен айналысатын халықаралық комитет құруды талап етті.
БҰҰ-ның Йемен жөніндегі арнайы өкілі Исмаил Валид әш-Шейх Ахмад «Ақпанның 27-інде Санада Йемендегі қақтығысып жатқан топтарды келіссөздер мен келісімге жеткізетін халықаралық комитет құру қажет»,- деді.
Йемен 2016-шы жылдың тамызына дейін соғыс пен келіссөздердің куәсі болды. Бір жақтан Сауд Арабиясы Йеменнің әртүрлі аймақтарын бомбаласа, басқа жақтан БҰҰ-ның арнайы өкілі Исмаил Валид әл-Шейх Ахмад йемендік саяси топтардың арасында 2016-шы жылы Кувейт келіссөздерін өткізді. Тамыз айындағы Кувейт келіссөздері сәтсіздікке ұшырағаннан кейін әш-Шейх Ахмад йемендік топтардың арасындағы келіссөздерді қайтадан бастау үшін көптеген талпыныс жасады. Алайда Кувейт келіссөздерінің аяқталғанынан бері 8 ай өткенімен жаңа келіссөздер басталған жоқ. Сауд Арабиясы мен оның аймақтағы одақтастары Йеменнің әртүрлі аймақтарын бомбалап, халықаралық ұйымдар болса Йемендегі адами апатқа тек алаңдаушылық білдіруде. Осындай жағдайға сәйкес, БҰҰ өкілінің Йемен дағдарысын шешу үшін халықаралық комитет құру ұсынысы оң қадам болып саналады. Алайда бұл комитет Йемен дағдарысын шеше алады ма деген сұрақ туындайды. Йеменнің дағдарысы жергілікті мәселе емес, оған тіпті трансөңірлік ойыншылар қатысуда. Сондықтан Йеменнің мәселесін шешу үшін Сауд Арабиясына қысым көрсете алатындай трансөңірлік күштердің жігері қажет. Трансөңірлік күштер Сауд режиміне шабуылдарын тоқтатуға қысым көрсетудің орнына бұл соғысты жанама түрде қолдауда.
Йемен дағдарысы 50 мыңға жуық адамның қаза болуы мен жаралануы, екі жарым миллион адамның елдің ішінде босқынға айналып, елдің инфрақұрылымының 80 пайызының қирауына қарамастан Сирия мен Ирак дағдарыстары сынды трансөңірлік және өңірлік елдер үшін маңызды емес. Йемен мәселесін шешетін халықаралық комитет шындықты зерттейтін комиссия халықаралық тәуелсіз заңгерлердің қатысуымен құрылған жағдайда ғана нәтижеге жете алады. Бұл комиссия Сауд режимі мен оның одақтастарының Йемендегі қылмыстарын зерттеп, олардың себепкерлерін тауып, жауапқа тартуы керек.