Сириялық қарсыластар Астанада кездесу өтетіндігіне үміт білдірді
Ресей Президенті: «Сириялық қарсыластар наурыз айының ортасында Астанада кездесу өтетіндігіне үміт білдірді»,-деді.
«Ресей әл-Яум» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сұхбаттасып: «Сирияның қарсылас топтары келесі отырысты наурыз айының ортасында Астанада өткізуге шешім қабылдап отыр»,-деді.
Қазақстан Президенті да осындай отырыс өткізуге өзінің дайын екенін мәлімдеді.
Ресей Президентінің ақпарат хатшысы Дмитрий Песков сенбі күні Ресейдің АҚШ-пен келісімге келу, келмеуіне қарамастан ДАИШ-пен күресті жалғастыра беретінін айтты.
Бұдан бұрын бір хабардар дереккөзі АҚШ Президенті Дональд Трамптың Ресеймен ДАИШ-ке қарсы ортақ соғыс төңірегіндегі келісімге қол қоюды кейінге қалдыруға шешім қабылдағанын хабарлаған болатын.