Арабстан мен Йемен шекараларында ауыр қақтығыстар орын алды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i2503
Йемендік ақпарат көздері осы елдің шекаралық аймақтарында саудиялық басқыншы күштер мен йемендік қарулы күштердің арасында ауыр қақтығыстың орын алғанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 10, 2016 16:13 Asia/Almaty
  • Арабстан мен Йемен шекараларында ауыр қақтығыстар орын алды

Йемендік ақпарат көздері осы елдің шекаралық аймақтарында саудиялық басқыншы күштер мен йемендік қарулы күштердің арасында ауыр қақтығыстың орын алғанын хабарлады.

Al-Mayadeen арнасының бейсенбі күнгі хабарлауынша, Сауд әулетінің басқыншы күштері мен йемендік қарулы күштердің арасындағы қақтығыстардан кейін басқыншылардың Йеменнің солтүстік-батысындағы Хаджа облысындағы ілгерілеу талпыныстары сәтсіздікке ұшырады.

"Әл-Алам" арнасы да Йемен әскері және халықтың күштерінің осы елдің шығысындағы Мариб облысындағы Тадавин гарнизонына зымыранмен жасаған шабуылдарында саудиялық басқыншыларға ауыр адами және қаржы шығындарының келтірілгенін мәлімдеді.

Сонымен қатар Йемен қарулы күштерінің осы елдің солтүстігіндегі әл-Джоуф облысындағы әл-Ханджар горнизонына зымыранмен жасаған шабуылында бірнеше саудиялық жалдамалы мерт болып, басқыншылыарға ауыр шығын келтірілді.

Арабстан кейбір араб елдерімен бірігіп, АҚШ-тың қолдауымен 2015 жылдың наурыз айынан бері Йемен халқына қарсы ауқымды шабуылдар жасап жатыр. Осы уақытқа дейін мыңдаған йемендік, соның ішінде, әйелдер мен балалар басқыншылардың шабуылдары салдарынан өлтіріліп, он мыңдаған адам босқынға айналды.