Израиль Сириядағы лаңкестерге қолдау көрсету үшін ауқымды шара қолдануда
https://itolqyn.com/news/west_asia-i25074-Израиль_Сириядағы_лаңкестерге_қолдау_көрсету_үшін_ауқымды_шара_қолдануда
Сионистік режим өзінің Сирия мен Ирак территориясындағы әскери амалдарының шеті мен шегі және араб елдерінің оның жоспарларынан хабардар екендігін мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 11, 2017 14:39 Asia/Almaty
  • Израиль Сириядағы лаңкестерге қолдау көрсету үшін ауқымды шара қолдануда

Сионистік режим өзінің Сирия мен Ирак территориясындағы әскери амалдарының шеті мен шегі және араб елдерінің оның жоспарларынан хабардар екендігін мәлімдеді.

AlAlam ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Израиль СІМ ақпарат өкілі Овир Гендельман: "Израильдің Сириядағы әскери амалдарына ешқандай шектеу қойылмаған. Араб елдері бұл мәселемен жақсы таныс.

Израиль ливандық Хезболланың Иранның стратегиялық қаруларына қол жеткізуінің алдын алу үшін кез-келген қажетті әрекетке барудан тайынбайды. Себебі Иранның Голан жоталарында орналасуына жол бермейді",- деді.

Гендельмен сионистік режимнің премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың жуырда РФ президенті Владимир Путинмен Мәскеудегі кездесуі мен олардың Иранның Сирия жеріндегі орналасу мәселесін талқылағандарына сілтеме жасап: "Нетаньяху Путиннен Израильдің Голан жоталарындағы ықпалын ресми түрде мойындауын сұрады",- деп мәлімдеді.

РФ президентінің ақпарат өкілі Дмитрий Песков : "Израильдің ливандық Хезболла позицияларына шабуыл жасау үшін Сирияның оңтүстік-батысындағы Голлан жоталарындағы Сирияның әуе кеңістігін пайдалануына қатысты Мәскеу келісім берді деген сөз шындыққа жанаспайды. Бұл аймақ израильдік қырғи ұшақтардың ливандық Хезболланың позицияларын жоятын  соғыс алаңына айналмайды",- деді.