Түркия және Арабстанның ИСИМ-мен әріптестік жасағаны туралы жаңа құжаттар әшкереленді
(last modified Thu, 10 Mar 2016 10:39:45 GMT )
Нау 10, 2016 16:39 Asia/Almaty
  • Түркия және Арабстанның ИСИМ-мен әріптестік жасағаны туралы жаңа құжаттар әшкереленді

Ирактың ерікті халық күштерінің бас қолбасшысы Түркия мен Арабстанның ИСИМ тобымен әріптестік жасағаны туралы жаңа құжаттардың қолға түскенін хабарлады.

Ирактың ерікті халық күштерінің бас қолбасшысы Хасан Абдолхади сәрсенбі күні Тасним ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Самарра қаласын тазарту амалдары барысында ирактық күштер Түркия мен Парсы шығанағы жағалауындағы елдердің, әсіресе Арабстанның ИСИМ лаңкестеріне логистикалық және қаржылай көмек көрсеткені туралы құжаттарды тапқанын қуаттап: "Самарра қаласын тазарту амалдарында ИСИМ-нің көптеген мүшелері тұтқындыққа алынды. Лаңкестерден алынған мағлұматтар, шифрланған байланыстарды бұзу және олардың әңгімелерін тың-тыңдау Ирактың ИСИМ лаңкестерімен күресуі және Нейнава облысын тазартуы үшін жол ашады" деді.

Абдолхади тұтқындыққа түскен лаңкестердің бастапқы мойындаулары бойынша арабстандық мүфтилердің жастарды тура жолдан адастырып, оларды соғыс, қантөгіс пен іріткі салуға шақырғанын айтты.

Самарра аймағын тазарту амалдары өткен аптаның соңғы күндері басталған болатын.