Сирияға минадан тазалайтын ресейлік мамандар келді
https://itolqyn.com/news/west_asia-i25292-Сирияға_минадан_тазалайтын_ресейлік_мамандар_келді
Ресейдің Қорғаныс министрлігі Сирияның батысындағы Хомс облысының көне Тадмор қаласын минадан тазалау үшін осы қалаға ресейлік мамандардың аттандырылғанын хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 16, 2017 21:30 Asia/Almaty
  • Сирияға минадан тазалайтын ресейлік мамандар келді

Ресейдің Қорғаныс министрлігі Сирияның батысындағы Хомс облысының көне Тадмор қаласын минадан тазалау үшін осы қалаға ресейлік мамандардың аттандырылғанын хабарлады.

Ресейдің Қорғаныс министрлігі минадан тазалайтын 150-ден астам ресейлік маманның Сирияның Тадмор тарихи қаласын минадан тазалау үшін осы қалаға келіп жеткенін мәлімдеді.

Осы аптада Сирия әскері мен одақтастары ДАИШ лаңкестік тобымен ауқымды  қақтығыстардан кейін Тадмор қаласының электр станциясы мен соған жақын аймақтарды азат етті.