Сионистік режим Сирияға қоқан-лоққы жасады
Нау 20, 2017 13:43 Asia/Almaty
Сионистік режимнің қырғи ұшақтарының Сирияда құлауының жалғасында осы режимнің Соғыс министрі Авигдор Либерман Сирияның әуе қорғанысын жою туралы қоқан-лоққы жасады.
Sputnik ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Израильдің Соғыс министрі жексенбі күні: "Егер келесі шабуылдарда Сирияның әуе шабуылына қарсы қорғанысы Израильдің әуе күштерін нысанаға алатын болса, бұл режим Сирияның әуе шабуылына қарсы қорғанысының барлық нысандарын жояды",- деп мәлімдеді.
Бұдан бұрын Сирия әскері мен қарулы күштерінің қолбасшысы израильдік қырғи ұшақтардың шабуылдарына реакция білдіріп: "Егер осындай шабуылдар қайталанатын болса, Сирия күштері бұған бар күш-қуатымен жауап береді",- деп ескерту жасаған болатын.
Тегтер