ДАИШ-тың бас қолбасшысы Мосулда қоршауда қалды
(last modified Mon, 03 Apr 2017 07:28:24 GMT )
Сәу 03, 2017 13:28 Asia/Almaty
  • ДАИШ-тың бас қолбасшысы Мосулда қоршауда қалды

Бір ирактық дереккөзі: «ДАИШ-тың бас қолбасшысы Абубакр әл-Бағдади Мосул қоршауында болуы мүмкін»,-деп хабарлады.

«Спутник» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ирак мемлекеттік күштеріндегі бір хабардар дереккөзі жексенбі күні: «Шамамен 10 күн бұрын ДАИШ лаңкестері 40-қа жуық көлікпен бірнеше танктің қолдауына сүйеніп, Сириядан Мосулға баратын жолда орналасқан Телафар ауданына кірмек болды. 

Олар аудандағы қоршауды бұзып, Телафарда қоршауда қалған ДАИШ күштерінің позициясына жетіп, оларды нығайтуды көздеді. Сол жерден Мосулға жол ашпақ болды. Алайда халықтық күштер барлық лаңкестердің көзін жойды»,-деп мәлімдеді.

 

 

Тегтер