Сирия армиясы Идлибте химиялық құрамдар қолданғанын теріске шығарды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i25806-Сирия_армиясы_Идлибте_химиялық_құрамдар_қолданғанын_теріске_шығарды
Сирия армиясының Бас штабы бұл елдің Идлибте химиялық және улы құрамдары пайдаланғанын теріске шығарып, химиялық шабуылға лаңкестік топтардың жауапты екендігін мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 05, 2017 22:08 Asia/Almaty
  • Сирия армиясы Идлибте химиялық құрамдар қолданғанын теріске шығарды

Сирия армиясының Бас штабы бұл елдің Идлибте химиялық және улы құрамдары пайдаланғанын теріске шығарып, химиялық шабуылға лаңкестік топтардың жауапты екендігін мәлімдеді.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Сирия армиясының Бас штабы  сейсенбі күнгі  мәлімдемесінде: «Бүгінде лаңкестік топтар соғыс майданында әлсіреп, өздерінің сәтсіздіктерін ақтау үшін өтірік уәждер айтуда. Сирия армиясы бұрын да химиялық улы заттарды пайдаланған жоқ, келешекте де пайдаланбайды»,- деп қуаттады.

Лаңкестер мен Сирияның қарсыластарына қарасты ақпарат көздері сейсенбі күні: «Белгісіз ұшақтар Идлибтегі Хан-Шейхун қаласын зарин улы газына ұқсас химиялық газға толы зымырандармен нысанаға алды»,- деген уәж айтты.