Сирия армиясы Идлибте химиялық құрамдар қолданғанын теріске шығарды
Сирия армиясының Бас штабы бұл елдің Идлибте химиялық және улы құрамдары пайдаланғанын теріске шығарып, химиялық шабуылға лаңкестік топтардың жауапты екендігін мәлімдеді.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Сирия армиясының Бас штабы сейсенбі күнгі мәлімдемесінде: «Бүгінде лаңкестік топтар соғыс майданында әлсіреп, өздерінің сәтсіздіктерін ақтау үшін өтірік уәждер айтуда. Сирия армиясы бұрын да химиялық улы заттарды пайдаланған жоқ, келешекте де пайдаланбайды»,- деп қуаттады.
Лаңкестер мен Сирияның қарсыластарына қарасты ақпарат көздері сейсенбі күні: «Белгісіз ұшақтар Идлибтегі Хан-Шейхун қаласын зарин улы газына ұқсас химиялық газға толы зымырандармен нысанаға алды»,- деген уәж айтты.