Сирия үкіметі Хан-Шейхун оқиғасына қатысты қырағылық танытты
https://itolqyn.com/news/west_asia-i25868-Сирия_үкіметі_Хан_Шейхун_оқиғасына_қатысты_қырағылық_танытты
Сирия Сыртқы істер министрі Батыс пен сириялық қарулы қарсыластардың Сирия армиясы Идлиб провинциясындағы Хан-Шейхун қаласына химиялық шабуыл жасады деген уәждерінен екі күннен кейін: «Лаңкестер химиялық қаруды Сирияға Ирак пен Түркия арқылы енгізді. Бұл мәселе химиялық қаруды таратуға тыйым салған ұйымға хабарланды»,- деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 07, 2017 17:10 Asia/Almaty
  • Сирия үкіметі Хан-Шейхун оқиғасына қатысты қырағылық танытты

Сирия Сыртқы істер министрі Батыс пен сириялық қарулы қарсыластардың Сирия армиясы Идлиб провинциясындағы Хан-Шейхун қаласына химиялық шабуыл жасады деген уәждерінен екі күннен кейін: «Лаңкестер химиялық қаруды Сирияға Ирак пен Түркия арқылы енгізді. Бұл мәселе химиялық қаруды таратуға тыйым салған ұйымға хабарланды»,- деді.

Сирия Сыртқы істер министрі Валид Муаллем бейсенбі күні де Дамаскте өткен баспасөз отырысында «Сирия армиясының өткен сейсенбі күнгі Хан-Шейхунге жасаған әуе шабуылының нысанасы «ән-Носрат» майданы лаңкестік тобының қару қоймасы болды. Бұл елдің армиясы не халқына,  не лаңкестерге қарсы химиялық қару пайдаланған емес және пайдаланбайды да»,- деп қуаттады. Валид Муаллем Сирия Хан-Шейхунде химиялық қарудың қолданылуына қатысты зерттеу комиссиясын құруды қолдайтынын мәлімдеді. Сирияның қарулы топтары бұл жаңа ойынды  Сирия үкіметі 2014-ші жылы өзінің химиялық қаруын Ресей мен АҚШ-тың екіжақты келісімі бойынша БҰҰ мен Химиялық қаруды таратуға тыйым салатын ұйымға тапсырған жағдайда бастап отыр. Сирия үкіметі бұл елдің лаңкестерге қарсы соғыста химиялық қаруды пайдаланбағанын дәлелдейді. Дамаск үкіметі химиялық қаруларды лаңкестердің пайдаланғанын БҰҰ мен Химиялық қаруды таратуға тыйым салған ұйымға хабарлап, ескерту жасаған сайын қарулы қарсыластар мен лаңкестер және олардың қолдаушылары үшін Сириядағы химиялық шабуыл сылтауға айналуда. Сирия үкіметі лаңкестер мен олардың қолдаушылары Хан-Шейхун оқиғасын бастамастан бұрын  Химиялық қаруды таратуға тыйым салған ұйымға «ән-Носрат» майданы лаңкестік тобының Сирияға химиялық заттарды енгізгені туралы хабарлаған болатын. Хан-Шейхун оқиғасы қарулы топтар үшін Алепподағы еңілістерін қабылдау қиын болып жүрген жағдайда басталды. Идлиб Түркияның қолдауымен қарулы топтардың мекеніне айналды. Хан-Шейхун ойынының мақсаты Башар Асад үкіметіне әлемдік деңгейде қысым жасау болып табылады. Сирия үкіметінің Хан-Шейхун оқиғасын зерттейтін комиссиямен ынтымақтастық етуге дайындығын жариялауы Дамасктің мәселені анықтағысы келетінін көрсетеді. Өткеннің тәжірибесі бірақ Сирия үкіметінің дұрыс ниетіне қарамастан Батыстың қатынасының алдамшы болғанын көрсетеді. Хан-Шейхун оқиғасының да саяси ойын екені айқын. Сирияның саяси және майдандық жағдайы Дамаск үкіметінің Идлибте химиялық шабуыл жасауды қажет етпейтінін және бұл қылмыстардың басын басқа жерден іздеу керектігін көрсетеді. Башар Асадты кетіру үшін барлық мүмкіндікті қолданатындар Сирия дағдарысын шешу жолында  Асадтың мәселесін маңызды емес етіп көрсетуге талпыныс жасауда.