Сириядағы химиялық шабуылды тексеру үшін ақиқатты анықтаушы топ құрылуы тиіс
(last modified Sun, 09 Apr 2017 10:19:12 GMT )
Сәу 09, 2017 16:19 Asia/Almaty
  • Сириядағы химиялық шабуылды тексеру үшін ақиқатты анықтаушы топ құрылуы тиіс

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Лариджани АҚШ-тың химиялық шабуыл сылтауымен Сирияға зымырандық шабуыл жасауын айыптап, осы мәселені тексеру үшін ақиқатты анықтаушы топтың құрылуын талап етті.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани жексенбі күні Мәжілістің ашық жиналысында АҚШ-тың Сирияның әуе базасына жасаған шабуылын сынап: «АҚШ үкіметі өзінің уәждері мен халықаралық инстанциялардың тексерісі расталмай жатып, химиялық қару қолданды деген сылтаумен Сирияға шабуыл жасап, бұл елге шығын келтірді»,-деді.

Лариджани АҚШ пен басқа Батыс елдерінің Ирактың Баас режимінің 8 жылдық соғыс барысында Иранға химиялық шабуылдар жасағанына үнсіздік танытқанына тоқталып: «Иран  кез-келген химиялық шабуылға қарсы. Алайда осы салада авантюристік шараларға соқтыратын жалған уәждерге де қарсы және оны айыптайды.

Бұл елдің аймақ пен Сирияда өткен жылдары өршіткен соғыс отынының салдары АҚШ-тың өзін шарпитын болады»,-деп ескертті.