Велаяти: Хезболла - ислам және араб әлемінің мақтанышы
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Ливан Хезболласын төзімділік пен қарсыласудың белгісі және ислам мен араб әлемі мақтанышының ұйытқысы деп атады.
Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер бойынша кеңесшісі Әли Акбар Велаяти Теһранда бір топ сириялық ғұламаны қабылдауында Сирия халқын қиын күндердің жеңімпазы деп атап: Иран ислам республикасы қарсыласу мен төзімділік майданын қолдап, аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өзінің барлық мүмкіндігін қолданды. Тәкфирлік әсірешілдер мен аймақтағы кейбір араб елдерінің және ескішіл мемлекеттердің қолдауына ие болып отырған лаңкестер халықаралық тұрақтылық пен бейбітшілікке, тіпті өз демеушілеріне қауіп төндіреді.
Исламның жаулары ислам әлеміндегі үмбеттер арасына іріткі салуды көздеуде. Иранның әрекеттері осы уақытқа дейін барлық исламдық үмбеттер арасындағы бірлікті сақтау және дұшпандардың астыртын әрекеттеріне тосқауыл қою бағытында болды» деді.
Сириялық ғұламалардың делегациясы да осы кездесуде Иранның Сирия халқы мен үкіметіне көрсетіп отырған қолдауына алғыс білдірді.